RU

Дауыл кезінде үйдің шатыры басып қалған 80 жастағы соғыс ардагері қайтыс болды

Өскеменде болған дүлей дауылдан 5 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың ең үлкені - 80 жастағы ардагер. Қарияның үстіне желдің екпініне шыдамай қираған үйдің шатыры құлапты.

Көп қан жоғалтып, ауыр хәлде ауруханада жеткізілген қария жарақатының салдарынан көз жұмған. Ақсақалдың туыстары болса бәріне жергілікті билікті кінәлауда.

"Дер кезінде күн райының құбылатыны туралы хабарлама келгенде егде жастағы адамды далаға шығармас едік", - дейді.

Ал төтенше жағдай қызметкерлері дауылдың болатынын өздері де білмегенін айтады. Ауа райын болжау орталығы құтқарушыларға ешқандай ескерту жасамапты. Себебі оларда күннің құбылуын дөп көрсететін құрылғы жоқ екен.

Тағы оқыңыздар: Астанада өзіне қол салмақ болған қыз өгей әкесінен жеті жыл зорлық көргенін айтып берді

"Метеорологиялық локатор дауылды ғана емес, бұлттың қалыптасуына дейін көрсетеді. Бұршақтың болатынын білдіреді. Бірақ бізде ондай құрылғы жоқ. Бар болғанда үш сағат бұрын дабыл қағып ескерту жасайтын едік", - дейді ауа райын болжау мекемесінің маманы Надежда Говоркина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559438-dauyl-kezinde-uydinh-shatyry-basyp-qalgh.html