RU

Қанға малынған ақ мата: Тұрсын Алагөзовтің туған күніне малдың тұяғын сыйлаған кім?

Атышулы продюсер Баян Есентаева жуырда шыққан "Баян" кітабында қазіргі күйеу жігіті Тұрсынның туған күнінде белгісіз біреудің сыйлыққа  өлген қозының басы мен тұяғын жібергенін жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

"Қыркүйек айында Тұрсынның туған күнінде мерекелік қораптағы сыйлық пен ашық хат жеткізілді. Қорап ішінде қанға малынған ақ мата мен қара қозының басы мен тұяғы  жатты. Әрине мен бұл "сыйлықты" кімнің жібергенін білемін. Бұл соғыста кімнің қаруы жақсы екеніне  төреші емеспін. Әркімнің өз ақиқаты бар",-деп жазған продюсер.

Тағы оқыңыздар: Көршісінің төсек қатынасындағы даусынан шаршаған Астана тұрғыны шағымын айтты

Сондай-ақ, ол өзіне қатысты жазылып жатқан жаман пікірлерден заң арқылы ғана қорғана алатынын айтады және кінәлі болса қоғам алдында емес, белгілі бір адамдар алдында ғана айыпты екенін жазған.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559442-bayan-esentaeva-tursynnynh-tughan-kunin.html