RU

Мейірімді азамат науқас анасы үшін 20 жыл бойы әйелдерше киініп келген

Үндістанның Гуанси аймағында тұратын ер адам науқас анасының саулығы үшін 20 жыл бойы әйелдерше киініп келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел кіші қызының қазасынан кейін есінен адасқан екен. Сол кезде анасына көмегі болар деп әпкесінің киімін киген азамат бүгінде марқұм әпкесінің рөлін 20 жыл бойы сомдап келеді.

Қарт анасы қызының тірі екеніне сеніп қалып, жағдайы жақсара түскен.

Тағы оқыңыздар: Қанға малынған ақ мата: Тұрсын Алагөзовтің туған күніне малдың басын сыйлаған кім?

"Ол сондай бақытты болғанын көргенде, әйелдерше киінуді жалғастыра бердім. Бұл жайт әлі күнге дейін жалғасын табуда. Енді менде, тіпті ерлердің киімі қалмаған", - дейді азамат.

Ер адам өзгелер оны мазақ етсе де, анасының саулығы үшін ол бәрін жасауға әзір екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559453-meyirimdi-azamat-nauqas-anasy-ushin-20-zhy.html