RU

Бұрынғы әйелі бетіне қышқыл шашқан азамат жаңа махаббатын тапты (фото)

31 жастағы Даниэль Ротарио әйелі бетіне қышқыл шашқаннан кейін қорқынышты күйге түскен. Алайда бүгінде жаңа махаббатын тапқан азаматтың өмірге деген құштарлығы арта түсті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Лестерде тұратын Даниэль 51 жастағы әйелі Кэти Леонгтың жантүршігерлік қылмысының құрбаны болды. Кэти алаңсыз ұйықтап жатқан күйеуінің бетіне қышқыл шашып жібереді.

Нәтижесінде денесінің үштен бірі күйіп қалған Даниэль тіпті көру қабілетінен айырылған.

Әйелі қышқылды абайсызда шашып алғанына сендірмек болғанымен, сот оның бұл әрекетті қасақана жасағанын анықтады.

Бұл қиындықтарға төтеп бере алмаған Даниэль өзіне қол салуға дейін барады. Абырой болғанда оны емдеп жүрген Анна есімді дәрігер әйел ер адамға жаңа өмір сыйлады.

Тағы оқыңыздар: Қанға малынған ақ мата: Тұрсын Алагөзовтің туған күніне малдың басын сыйлаған кім?

Ол ер адамның құбыжық келбетіне еш мән бермей, әдемі жан-дүниесіне ғашық болған. Анна Даниэльдің аяқтан тұруына бар күшін салып, бүгінде қос ғашық некесін қидыруды жоспарлап отыр.

Өмірге деген құштарлығы оянған азамат бес баланың әкесі атануды армандайды.

"Бұған дейін мен әзәзілмен тұрып келдім. Ал бүгінде маған нағыз періште бұйырды. Бес балам болғанын қалаймын", - дейді Даниэль.

Ал Кэти Леонг өмір бойы бас бостандығынан айырылып, бұрынғы күйеуіне қыруар өтемақы төлеуге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559497-burynghy-ayeli-betine-qyshqyl-shashqan-az.html