RU

Өзінен үлкен жігітке еркінен тыс ұзатылған бойжеткен тойда еңіреп жылап қалды (видео)

Әлеуметтік желіде егде жастағы азаматқа еркінен тыс ұзатылып бара жатқан бойжеткеннің видеосы жарияланды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тойдан кейін қалыңдықты әкесі мен күйеуі көлікке отырғызбақ болады. Алайда бұған қуана қоймаған бойжеткен көлікке жеткенге дейін егіле жылайды.

Тағы оқыңыздар: Алматыда хиджаб киген әйелдер автобус жолаушысымен жаға жыртысты (фото)

Қалыңдық туыстарының құшағына жармасып, көлікке отыруға асықпай тұрғаны байқалады. Бойжеткен ақыры көлікке отырған сәтте видео үзіліп қалады.

Желі қолданушылары жас қызды жылатып, тұрмысқа беріп жатқан ата-анасына күйініп, сын пікірлерін жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559696-egde-zhastaghy-azamatqa-erkinen-tys-uza.html