RU

ОҚО-да мешіт имамының басын айналдырмақ болған сектанттар ұсталды

ОҚО-да жыл басынан бері заңсыз миссионерлік қызметті жүзеге асыру бойынша 7 дерек тіркелген. Заңды елемеген азаматтың әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Тіркелген деректің 4- і иегова куәгерлері діни бірлестігінің белсенді мүшелері болып шықты деп хабарлайды ТВК арнасы.

«Ехоба куәгерлері» діни бірлестігінің белсенді мүшелері, өздерінің діндерін насихаттап, ОҚО өкіл имамының орынбасары Мұсабек Ақтамбердінің үйіне де барған. Мұсабек мырзаны өздерінің қатарына қосуға шақырыпты.

Діни бірлестіктің бұл әрекетіне ашуланған Мұсабек Ақтамберді бірден 102 нөміріне хабарласып, құқық қорғау орган өкілдерін шақырыпты.

Тағы оқыңыздар: Алматыда хиджаб киген әйелдер автобус жолаушысымен жаға жыртысты (фото)

"Құқық қорғау орган өкілдері келді. Келгеннен кейін мен және сол кісі бөлімшеге бардық. Мен шағымдандым, және де түсініктеме бердім. Ол кісі де солай жасады. Кейін біздер аудандық ішкі істер басқармасына бардық. Мен шағымымды, болған әрекеттің барлығын жеткіздім. Кейін іс сотқа дейін барды. Қалалық әкімшілік сотта қаралды", - дейді облыстық өкіл имамның орынбасары Мұсабек Ақтамберді.

Соттың қорытындысы бойынша «Ехоба куәгерлерінің» белсенді мүшесі Батыр Жанабековке еліміздің әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490 бабының 3 тармағына сәйкес, 226 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері облыста заңсыз миссионерлік қызметті жүзеге асыру бойынша 7 азаматтың іс әрекеті анықталған. Оларға әкімшілік шара қолданған.

Тағы оқыңыздар: Бюджет ақшасын далаға шашқан қалалар көшін Астана бастап тұр

"Бұл азаматтар өздерінің дінін заңсыз түрде үйлерді аралап, халық көп орналасқан және де, тұрмыстық жағдайы төмен болған үйлерді аралап, діни уағыз жүргізеді. Сондықтан халық заңды білмегендіктен, заңсыз діни уағыз жүргізуіне байланысты дінге кіріп кетіп жатады", - деді ОҚО дін істері басқармасының бас маманы Қайрат Әбуов.

Діни бірлестіктің мүшелері заң бойынша насихат жұмыстарын тек белгіленген мекемеде жүргізуі қажет. Бүгінде өздерін ехоба куәгерлері деп таныстыратын азаматтар үйлерді аралап ресми сайттарымен таныстыруда. Ал мұндай заңсыз әрекетке тап болған кез келген тұрғын 102 нөміріне хабарласып шағымдана алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559763-oqo-da-meshit-imamynynh-basyn-aynaldyrm.html