RU

Шымкенттік жігіт 10 көлікті жүгімен бірге қасақана өртеп жіберген

Оңтүстіктің полицейлері 10 жүк көлігін жүгімен бірге өртеп жіберген күдіктіні ұстады деп хабарлайды Otyrar.kz.

27 жастағы жігіт Манкент ауылында сатылымға қойған шөпті әдейі өртеп жіреріпті. Мұны күдікті азаматтың өзі мойындады. Оқыс оқиға салдарынан 10 жүк көлігі шөбімен қоса сау-тамтығы қалмай өртеніп кетіп, шаруаларға 9 млн теңге шығын келген.

Еске салайық, бұл жағдай 5 шілде күні таңғы сағат 6:56 шамасында Сайрам ауданында орын алған еді. Абырой болғанда, қызыл жалын шарпыған кезде көліктердің ішінде адам болмаған.

Тағы оқыңыздар: Қарағанды тұрғыны 43 жастағы машинист әйелді жұмысында зорлап тастады

Сайрам ауданының полицейлері бұл істі тексере келе 27 жастағы З. есімді азаматты ұстады. Ол Манкент ауылында шөп сату үшін тұрған 10 жүк көлігін қасақана өртеп жіберіпті. Бұл ісін күдікті жігіт полицейлерге берген түсініктемесінде мойындады.

Енді күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол жылдап темір торға қамалуы мүмкін. Қазір полицейлер осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 202-бабы, 2-бөлігімен, бөтеннің мүлкін қасақана жою әрекетіне қатысты іс қозғап, сараптамалар тайындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559764-shymkenttik-zhigit-10-kolikti-zhugimen-bir.html