RU

Қазақ тілін әжуа еткен әзілкеш халықтан кешірім сұраған жоқ

 Әзілкеш Азамат Мұсағалиев желідегі парақшасында қазақ тіліне қатысты орынсыз әзіліне қатысты алғаш рет пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Құрметті достар! Бауырлар! Қазақ ағайындар! Бұл әзілді түсіргенде, қазақ тілін кемісіту немесе мазақ ету ойда да болмаған. Әзіл, кейбір қазақ тілін түсінбейтін қазақ адамдары жайында, ал ондайлар өкінішке орай бар. Яғни, сол персонаждың рөлін сомдадым. Сіздер мені түсінеді деген ниетпен жазып отырған жайым. Шын мәнісінде маған бәрі бір болса, мән бермей, барлығын өшіріп тастап жүре беретін едім. Сондықтан, түсінікпен қарауларыңызды сұраймын!", - дейді әртіс.

Ол өзі мен отбасы мүшелеріне қоқан-лоқы көрсетіп жатқандар бар екенін де жазған.

"Мен өзім мен отбасыма қатысты қорқытулар естуге дайын емеспін. Өнер-эмоция шақырып, бәрімізді жақсы әрі мейірімді ету үшін өнер!", - деп жазған әзілкеш желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Қазы айналдырып, ірімшік қайнататын Заманбектің қызы көпшіліктің таңданысын тудырды (фото, видео)

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын Ресейдік "Камызяки" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев пен Нұрлан Сабуровтың қазақ тілі туралы орынсыз қалжыңдаған видеосы қазақстандықтардың ашуына тиген болатын.

Желідегілер бұл әзілдің қазақ тілін мазаққа айналдыру екенін айтып, әзілкештердің кешірім сұрауын талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559903-qazaq-tilin-azhua-etken-azilkesh-khalyqt.html