RU

Сауд Арабиясында қысқа белдемше киген бойжеткен қамауға алынды (видео)

Сауд Арабиясының билігі Ушайкир фортында қысқа белдемшемен қыдырған бойжеткенді қамауға алды. Бұл туралы RT сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Бойжеткен Эр-Риядта тұтқынға алынған. Оған мұсылман еліне жат "ұятсыз киім" киді деген айып тағылды. Полиция істі прокурорға жолдады.

Тағы оқыңыздар: Ұл қалаған күйеуіне бола төрт рет түсік тастаған әйел тіл тартпай кетті

Жергілікті тұрғындардың бірі бойжеткеннің бұл әрекетін даттаса, енді бірі оған мақтау айтып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559917-saud-arabiyasynda-qysqa-beldemshe-kige.html