RU

Интерпол Әблязовты іздестіруді тоқтатты

Халықаралық іздеуде жүрген БТА банктің экс-төрағасы Мұхтар Әблязов Интерпол тізімінен алынып тасталды. Бұл туралы ақпараттық дереккөзіне сілтеме жасап France-Presse агенттігі хабарлады деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Интерпол Әблязовке қатысты іздеудегі адамды ұстауға және экстрадициялауға рұқсат беретін қызыл белгіні де алған.

Тағы оқыңыздар: Танымал ақын айтыстағы рушылдық пен жершілдікті жайып салды

7 маусымда Алматыда сот Мұхтар Әблязовті "қылмыс жасауға оқталу", "қылмыстық қоғамдастық құру, оған басшылық жасау", "сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету", "БТА банк қаржысын жымқыру және оның ізін жасыру", "банк қаржысын заңсыз пайдалану" және "өкілеттіктерін теріс пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп танып, сыртынан 20 жылға соттады.

Үкім бойынша, Әблязовтің дүние-мүлкі тәркіленіп, банкте кәсіби қызмет атқару құқығынан үш жылға айырылады және 300 айлық есептік көрсеткіш (680700 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Францияда 2013 жылдың жазынан бері үш жылдан аса уақыт қамауда болған Мұхтар Әблязов 2016 жылы 9 желтоқсанда бостандыққа шыққан. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559939-interpol-ablyazovty-izdestirudi-toqt.html