RU

Канелоға көмектесіп жүрген қазақстандық боксшы туралы не білеміз? (фото)

Головкинге қарсы жекпе-жекке спарринг-серіктес атанған қазақстандық боксшы Бабыржан Момынов туралы бірқатар ақпаратты NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

"Канеломен өткізген алғашқы керемет спаррингім. Өзімді жақсы сезінемін. Канело дайындалып жатыр. Біз тарихтың бір бөлшегіміз. Осы жерде болу бақыты бұйырды", - деп жазған боксшы желі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Интерпол Әблязовты іздестіруді тоқтатты

Жас боксшы үш жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтап, елге танылып үлгерген. Енді ол мексикалық Сауль «Канело» Альварестің спарринг серіктесі атанып отыр.

Боксшы желі парақшасында кәсіби шеберлігін көрсететін фотолар мен видеоларды жиі жариялап тұрады.

Бабыржан Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында 1991 жылы дүниеге келген. Бүгінде АҚШ-та жүрген боксшы шетел рингін бағындыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559941-kanelogha-komektesip-zhurgen-qazaqsta.html