RU

Етегін көтеріп билеген хиджабтағы қыздың биі жұрттың ашуына тиді

Хиджаб киіп, дін жолында жүрген қыздың жастар арасында танымал «Папито» әніне билеген биі желі қолданушыларының ашуын туғызды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видео кадрынан қыздың көлік ішіндегі ер адамның алдында билеп тұрғанын байқауға болады. Арасында ұзын көйлегінің етегін көтеріп билеген бойжеткен көңілді әннің ырғағында бар өнерін салып билейді.

Аталған видеоны көрген желі қолданушылары хиджабтағы қыздың мұндай әрекетіне ашуланып, киген киіміне қылығының сай келмей тұрғанын атап өткен.

Тағы оқыңыздар: Ұл қалаған күйеуіне бола төрт рет түсік тастаған әйел тіл тартпай кетті

"Әке-шешесіне масқара", "Бауырларының бірі мына видеоны қарайды деп үміттенемін"," Мұсылман адам бұлай билемейді, мына қыз әдейі киініп осылай түскен", - деген сынды пікірлер қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559946-khidzhabtaghy-qyzdynh-bii-kopshiliktinh-ash.html