RU

Атышулы Төлешов төрт әйелі мен бала-шағасына ақшаны оңды-солды шашқан

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші аудандық сотында Тоқтар Төлешовке қатысты кезекті сот отырысы өтті. Онда 8 куәгерден жауап алынып, сыра зауытындағы экономикалық қылмыстар қалай жасалғаны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сотта алғашқы куәгер ретінде жауап берген Төлешовке қатысты «Дархан груп» ЖШС-і Астана филиалының Бас директоры Қаныбек Ибрагимов бірқатар былықтардың бетін ашты.

Тағы оқыңыздар: Интерпол Әблязовты іздестіруді тоқтатты

Атап айтқанда, елордадағы зауыт қожайынының туыстары келсе болды миллиондаған қаржылар олардың жүріс-тұрысына, ішіп-жеміне жұмсалған. Төлешов төрт әйелі мен бала-шағасын қыдыртып, демалдыруға келгенде ақшаны оңды-солды шашыпты.

"Мен Бас директор міндетін атқарып жүріп, 2008-2013 жылдар аралығындағы бес жылда шамамен 70 млн теңгеден астам қаражатты немесе одан да көп теңгені Төлешовтың туыстарына жараттым. Бұл ақшаны қызметтік хат негізінде кассадан өз атыма алып отырдым. Ол ақшаға мен туыстарын күтіп алып, қалаған жеріне апарып, айтқандарына ақша төлеп жүргенмін. Кейін ол қаржының орнынан өздері жауып жіберетін. Бізді тексере бермейтін", - деді Қаныбек Ибрагимов.

Бұрынғы басшысының айтқандарын оның орынбасары Берік Мықтыбаев та растады. Оның айтуынша, басшысы кезекті еңбек демалысына кеткенде ол кассадан 2 млн 600 мың теңгені алып, Төлешовтың отбасына жұмсаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1559975-atyshuly-toleshov-tort-ayeli-men-bala-sha.html