RU

Астанаға келген Кореяның танымал актерін көрген қыздар жылап жіберді (фото)

Корейлік фильмдер мен телехикаялардың жұлдызы, актер және модель Со Кан Джун ЭКСПО көрмесінде өнеріне табынушы жүздеген қызбен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

23 жастағы сұлу жігіт қыздарға қолтаңбасын таратты. Әзілдеп, сұрақтарға жауап берді, өнеріне табынушы қыздарға құшағын да айқара ашты, тіпті кейбір қыздар қуаныштан жылап та алды. Сүйікті актерін көріп, эмоцияға берілген қыздар сахнада тұрып еңіреп жылады.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев Жақсыбековтің өкілеттігін 2022 жылға дейін ұзартты

Ұлттық күндер өтетін сахнаның алдында 300 орын болса, соның бәріне қыздар жайғасты. ЭКСПО көрмесіндегі нағыз әйелдер мерекесі бүгін болған сияқты.

"Маған көп адам келеді деп айтты, сондықтан кеше күні бойы сөйлейтін сөзімді жаздым, автограф беруге дайындалдым", - дейді Со Кан Джун.

Сахнаға бірінен соң бірі көтерілген қыздар кумиріне сыйлық беріп, селфиге түсіп жатты. Кездесу бір сағатқа созылды. Осы уақытта жүзден астам қыз сүйікті актерінің қолтаңбасын алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Тағы оқыңыздар: Қазақ тілін әжуа еткен әзілкеш халықтан кешірім сұраған жоқ

Со Кан Джун Оңтүстік Кореяның Кёнгидо қаласында дүниеге келген. Актер ретінде ол 2013 жылы «Мектептен кейін кездесеміз» деген алғашқы драмаға түседі.

Жас актер екі рет Korea Drama Awards кинопремясын иеленген. Тұңғыш рет сыйлықты 21 жасында алады. 23 жастағы Со Кан Джун төрт фильм мен 11 драмаға түсіп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1560215-quanyshy-qoynyna-syymaghan-astanalyq-q.html