RU

Әйгілі Роналду төртінші рет әке атануға дайындалып жатыр (фото)

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы да әке атанады. Бұл туралы ол El Mundo басылымына берген сұхбатында айтты деп жазады vesti.kz.

Ол өзінің сүйіктісі Джорджина Родригестің жүкті екенін растады. Олар 2016 жылдың қарашасында кездесе бастаған. Футболшымен танысқанға дейін Родригес киім сататын дүкенде жұмыс істеген.

Тағы оқыңыздар: Клиенттің шашын балтамен қиған шаштараз жұртты таңғалдырды (видео)

Журналистің "Сен тағы да балалы болатыныңа қуаныштысың ба?" деген сұрағына ол: "Иә, әрине қуаныштымын", - деп жауап береді.

Еске салайық, бұған дейін Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанғанын, оған балаларды суррогат ана босанып бергенін Португалияның SIC телеарнасы хабарлаған болатын.

8 маусымда дүниеге келген қыз бен ұлға Матео және Ева деген есімдер берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1560401-aygili-ronaldu-tortinshi-ret-ake-atanu.html