Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде Абай, Шәкәрім, Мұхтардың суреттері бұзақылардың ермегіне айналған

Опубликовано:

Семейде Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезовтердің суреттері бұзақылардың ермегіне айналды. Қаланың қақ ортасындағы қабырғаларға салынған портреттер қараусыз қалып, бейәдеп сөздер мен сезім білдіру тақтасына айналған деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл жағдай қоғам белсенділерінің наразалығын тудырды.

"Біздің басшылық, әкімшілік және басқа мекемелер қайда қарап отыр? Мына қалаға қонақтар келіп, суреттерін көрсе қасында балағат сөздер болып тұрғаны ұят. Арсыздық. Осыны қадағалайтын мекеме бар шығар?", - дейді белсенділердің бірі Аян Айтқазин.

Бүгінде иесіз тұрғын ғимараттардың қабырғаларына салынған үш алыптың суретінің маңайы түгелдей бейәдеп сөздерге толып қалған. Алғашында бұл орындарға олардың қанатты сөздері үш тілде жазылуы керек болыпты. Бірақ ол үшін демеушілердің берген 100 мың теңгесі жетпей қалған.

Тағы оқыңыздар: Астанада мас жүргізуші жасөспірімді қағып, аялдамаға бір-ақ соғылды

Ал жоба авторлары ондағы жат жазуларды өшіріп, аяқсыз қалған істерін жүзеге асыру үшін демеуші іздестіріп жатқандарын жеткізді. Алайда ерсі қылық көрсететін жастармен күресу мүмкін еместігін айтып отыр.

"Біз оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы әлеуметтік желілер арқылы. Қабырғаға мен сені сүйемін деп жазу - ешқандай сезімнің көрсеткіші емес", - дейді Жасұлан Құрманғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1560443-semeydegi-qazaq-ziyalylarynynh-qabyrgh/

pixel