Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басы даудан арылмайтын "Кешьюдің" қыздары бүгінде қайда жүр? (фото)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестегі  атышулы өкілдердің көшін Баян Есентаева мен продюсердің қоластында тәрбиеленген "Кешью" тобының қыздары бастап тұр.  Басы даудан арылмайтын "Кешью" тобының қыздары бүгінде не істеп жүр деген сұраққа NUR.KZ порталы жауап іздеп көрді.

"Кешью" жайлы жазғанда топқа жетекшілік ететін продюсер Баян Есентаеваны айтпай өте алмаймыз. Бұған дейінде танымал тележүргізуші заңды некеде бола тұра, бизнесмен Тұрсын Алагөзовпен көңіл қосқаны үшін отбасында орын алған қайғылы жағдайдан соң БАҚ беттерінен түспей келе жатыр. Денсаулығын қалпына келтірген Баян дәл қазір Қазақстан ТРК тапсырмасымен "Қозы Көрпеш-Бая Сұлу" лиро-эпостық жырына фильм түсірумен айналысуда.

"Кешью" тобының экс-әншісі, 1996 жылы туылған Ақбота Сейітмағамбет.

Ақбота "Гламур для дур" фильмінде басты рөлді бірге сомдаған актер, үш баланың әкесі Дәурен Айдарқұловты некелі жарынан тартып алған. Жақында ол актерге бір ұл сыйлады. Ақботада жұрт назарынан түспейтін әншілердің бірі.

Тағы оқыңыздар: Шырылдап қоймаған cәбиін еденге атып ұрған әйел өз әрекетін түсіндірді (фото)

"Кешью" тобының экс-әншісі, 1995 жылы туылған Жұлдыз Өмірғали.

Танымал әнші, отбасылы, екі баланың әкесі Айқын Төлепбергенмен көңіл қосқан. Қос әнші жақында ғана Түркия еліне барып демалып келген. Фотода аяғы ауыр болып көрінген Жұлдыз Өмірғали ана болуға дайындалып жүрген сияқты.

"Кешью" тобының алғашқы мүшелерінің бірі- Әнел Арынова, 1981 жылы туылған.

2014 жылы Әнел отбасын құрып, 2016 жылы бір баласымен күйеуінен ажырасып кеткен. Бүгінде Әнел өнер саласынан алыстап кеткен жоқ.

Айдана Меденова, 1991 жылы туылған.

2015 жылы "Индиго" және "FM" тобының продюсері Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шықты. Айдананы көпшілік Әлішердің тоқалы деп ойлаған, бұл сұрақтан мезі болған Меденова күйеуінің өзіне дейін бір рет некеде болғанын мәлімдеді. Жұбайлар бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр.

Тағы оқыңыздар: Миллиондап пара алған Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері 12 жылға сотталып кетті

Мөлдір Әуелбекова, 1986 жылы туылған.

"Кешью" тобынан кетіп, топқа екінші рет қайта келген. Бүгінде жеке әнші атанған Мөлдірдің топтан кетуіне қатысты ел арасында түрлі қауесет тарап кетті. Біреулер әншіні танымал өнер адамының күйеуін тартып алған десе, экс-продюсері Баян оны топтан денсаулығына байланысты босатқанын айтқан. Әуелбекова қазір тұрмыста, бір баланың анасы.

Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы туылған.

Кәмшат Жолдыбаева бүгінде жеке әнші, актриса. Сахналық ашық киімдері үшін көрермен сынына жиі ұшырап, туған сіңілісі екеуі Қазнетті дүрліктіріп жүр.

Жанар Дұғалова, 1987 жылы туылған.

Жанар "Кешью" тобынан кеткен соң, "Turkvision-2014" байқауына қатысып бас жүлдені қанжығасына байлаған. Осы байқаудан кейін спорт және өнер өкілдері атынан сайлауға қатысқан әнші біраз сынға ілікті. Жанардың сайлауға қатысуына продюсері Баян Есентаеваның өзі қарсы болды. Кейіннен "Айта берсін жұрт" деп көрерменіне ән арнаған Дұғалованың репертуарындағы әндердің сөзі көпшіліктің көңілінен шықпай жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1560620-basy-daudan-arylmaytyn-keshyudinh-qyzd/

pixel