RU

Қызылордалық кейуананы 30 жастағы жалғыз ұлы сабап тастады

Қызылордалық 50-дегі егде әйелді 30 жастағы туған ұлы сабап тастады. Бұл туралы NUR.KZ  порталы Қазақстан арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап хабарлайды. Жалғызынан жапа шеккен кейуана қазір қаладағы «Қамқорлық» дағдарыс орталығын күнелтіп жүр.

Гүлнәр есімді әйелдің күйеуі ерте қайтыс болып, бір ұл, бір қызбен жесір қалған. Балаларын елден кем етпей өсірген ана қызын қияға, ұлын ұяға қондырғанын айтады. Опасыз ұлы биыл 30 жасқа толған соң, түрлі қылық шығара бастаған. Аузына тістеп, арқасына көтеріп баққан анасын қолына түскен затпен ұрып, сабауды әдетке айналдырыпты. Қатыгез баласынан әбден қорлық көрген ана дағдарыс орталығына келіп тығылған.

Тағы оқыңыздар: Миллиондап пара алған Қорғаныс министрлігінің лауазымды қызметкері 12 жылға сотталып кетті.

«Ұлымды жамандыққа қимаймын. Түрін көрсеңіз әп-әдемі. Жұмысты енді тиянақты, жақсы істейді. Мынандай жағдайды білмеймін неден болды?», - деп зар жылайды Гүлнәр.

Қызылордадағы дағдарыс орталығы осыдан алты ай бұрын ашылды. Мекемеге осы уақытқа дейін 30-дан астам түрлі жастағы әйелдер келіп, көмек сұраған. Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қазақстандағы әрбір жетінші әйел отбасында зорлық-зомбылық көреді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1560722-qyzylordalyq-keyuanany-30-zhastaghy-zhalgh.html