RU

Қостанайда баласын құшақтаған әйелді құтырған овчарка қауып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанайда кавказ овчаркасының иесі сот алдына келді деп хабарлайды kstnews.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Сот отырысында шағым түсірушінің өкілі 16 сәуірде сағат бестер шамасында Қостанайда кавказ овчаркасы қолында екі жасар баласы бар әйелге тұра ұмтылып, қауып алғанын растады. Оның нәтижесінде әйел сол жақ жамбасы мен санынан ауыр жарақат алған.  Шағымданушының дауысын естіп, жүгіріп келген көрішісінің де сөмкесі мен сол жақ жамбасын ит тістеп алған.  Бұл айғайды естіген зардап шегушінің күйеуі қолындағы күрегімен итті жауапкердің ауласына қуып жіберді", - дейді облыстық сот баспасөз қызметі.

Осының салдарынан шағымданушы ауруханада өз қалтасынан ақша шығарып емделген. Ал баласы ит көрсе, қорқатын болған.

Иттің иесі жергілікті орган бекіткен қалада ит ұстау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанайда баласын құшақтаған әйелді құтырған овчарка қауып алды
Mailfire view pixel