RU

Қазақ тойындағы тағы бір сорақы би жұрттың жағасын ұстатты

Кейінгі кезде қазақ тойларында үлкен ақсақалдардың көзінше ұятты ысырып қойып, ерсі би билетіндер көбейді. Сондай сорақы билердің бірі Instagram желісінде пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода жас жігітпен би алаңына шыққан бойжеткен той қонақтарынан еш қымсынбастан жанын салып жұлқына билейді. Ол өзінің бұл әрекетінен еш оғаштық байқамайтын секілді.

Тағы оқыңыздар: Белгілі ресейлік әншінің сахнада көйлегі жыртылып қалды (видео)

Видеоны көрген желі қолданушылары тойдағы мұндай сорақылыққа асабаны айыптап, қымсынбай билеген жас қызды сынның астына алды.

"Кім қораз, кім тауық өзі мында?! Осындай сорақылық сәнге айналған ба?!", "Үлгі тұтатын үлкендер қайда қарап отыр", "Жарасып тұрған жоқ. Осылай билетіп тұрған асабаға да дауа жоқ екен", - деп желдегілер түрлі пікірін жаудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1560971-qazaq-toyyndaghy-taghy-bir-soraqy-bi-zhur.html