RU

Белгілі ресейлік әншінің сахнада көйлегі шешіліп қалды (видео)

Витебсктегі "Славян базарында" ән айтқан ресейлік әнші Славаның сахна үстінде көйлегі шешіліп қала жаздады деп хабарлайды Sputnik Беларусь агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Славян базарында" көрермен ретінде Беларусия президенті Александр Лукашенко мен оның молдавандық әріптесі Игорь Додон отырды. "Одиночество" әнін орындау барысында әнші әбден масқараға ұшыраған.

Көпшілік көрермен Славаның фонограмамен айтқан әннің сөзіне ілесіп үлгермегенін байқайды. Жалпы "Славян базарының" ашылуы мен жабылу салтанатында барлық өнерпаз әндерін фонограмамен орындайды.

Ең сорақысы президенттің алдында Славаның көйлегінің ілмегі үзіліп, әншіге ән айтудан бөлек, көкірегін жауып тұруға тура келді.

Тағы оқыңыздар: Елімізге белгілі шоумен Нұрлан Қоянбаев туған күнін дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Әнін орындап болған соң, ол болған жайт үшін кешірім сұрады. Бірақ аталған видеоны бірнеше күн ішінде 100 мың адам қарап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1561015-slavyan-bazarynda-fonogrammamen-ay.html