RU

Қара сиқырдың құрбаны болған үш жасар қыздың ішінен 7 ине шықты (фото)

Дәрігерлер кішкентай қыздың ішінен 5 сантиметр болатын 7 инені алып шықты деп хабарлайды baq.kz.

Оқиға Батыс Бенгалияда болған көрінеді. Қыз бала Калькуттадағы ауруханаға қолы сынған күйде жеткізіліпті. Дәрігерлер кішкентай қызды рентгенге түсіріп, кескіндемеден оның ішінде 5 сантиметр болатын 7 ине тұрғанын анықтаған.

Инелерді баланың ішінен алып шығу үшін дереу ота жасалған. Белгілі болғандай, кішкентай балаға қара магиямен айналысатын балгер инелер сұққан.

Анасының айтуынша, бұл инелер баланың іш-құрылысында 15-20 күндей болған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1561188-darigerler-balgerdinh-qurbany-bolghan.html