RU

Іш киіміне 102 iPhone-ды жасырып өтпекші болған әйел ақыры ұсталып қалды (фото)

Қытайда Гонконг пен Шэньчжэн арасындағы шекарадан киіміне 102 iPhone-ды жасырып өтпек болған келіншек ұсталды, деп хабарлайды BAQ.kz .

Кеден бекетінің қызметкерлері әйелдің киіп алған киіміне күдікпен қараған. Ол жылы күні тым қалың киініп алған екен.

Тағы оқыңыздар: Қара сиқырдың құрбаны болған үш жасар қыздың ішінен 7 ине шықты (фото)

Арнайы қызмет өкілдері әйелді тексеру кезінде оның киімінің астынан түрлі модельдегі 102 iPhone мен Tissot маркасының 15 сағаты табылған. Барлық тәркіленген заттардың салмағы 20 келіні құраған көрінеді.

Енді ол 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1561270-ish-kiimine-102-iphone-dy-zhasyryp-otpekshi-bolgha.html