RU

Ресейдің танымал актрисасы Мәскеуде қаптап жүрген қытайлықтарды "ақымақ" деп атады

"Деффчонки" сериалы арқылы танылған 28 жастағы ресейлік актриса Полина Максимова кейінгі кездері БАҚ беттерінде көрінбей кеткен. Актриса өзі жайлы еске салғысы келген болса керек, жақында ол Instagram парақшасында қытайлықтарды "ақымаққа" теңеді деп хабарлайды cosmo.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Ол көлік ішінде отырып, өтіп бара жатқан азиялықтарды видеоға түсіреді.

"Міне менің Инстаграмым тағы да қытай түсімен жарқырап тұр. Мені жақтырмасаңыздар өз еріктеріңіз, бірақ "ақымақ қытайлықтар Кутузовты басып алуда",- дейді Полина.

Біраз уақыт өткен соң ол аталған видеоны өшіріп тастаған.

Тағы оқыңыздар: Ерке Есмахан астаналық жігітке тұрмысқа шығатынын жоққа шығарды

"Тәттілерім менің, "ақымақ қытайлар" деген сөзім кімнің намысына тисе, мені оқымай-ақ қойсаңыздар болады. Бұл жәй ғана әзіл. Қытайлықтар - өте ақылды халық. Тек мәскеуліктерді саяхаттап жүрген қытайлықтар «жалықтырды», - деп мәлімдеген Максимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1561394-reseydinh-tanymal-aktrisasy-maskeude.html