RU

Мұхамеджан Тазабек өзін желіде қаралағандардың үстінен шағым түсіретінін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Асыл арна" телеарнасының директоры әрі танымал айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзін қаралап жазған мақала авторына және оны әлеуметтік желіде бөліскен жандарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Serke.org сайтына жарияланған мақалаға қатысты пікір білдірген Тазабек өзінің Facebook парақшасында арнайы жазба жариялады.

Аталмыш постта Мұхамеджан Тазабек өзінің абыройына нұқсан келтіргендерге шара қолданатынын айтып өткен.

"Мақаланың қысқаша мазмұны – үндістандық бір ғалымның қайтыс болғаны мен оның жаназасына миллионға жуық адам жиналғанын хабарлаған "әсіре радикал ой айтып жүретін адамның" жазбасынан "қатты әсерленіп", оның «қауіпті адам екенін біліп тұрып бөліскенім» және «он мыңдаған адамды жат ағыммен улап жібергенім» туралы.

Бұған қоса, бүркеншік есім жамылған автор мені "уахабилік уағызды халыққа тықпалап жүр және мұны мойындамайды" деп айыптап, Ақтөбе мен басқа аймақтарда болған террорлық акті жасаушылармен байланыстырған жəне енді "құтылып кетуі неғайбыл" деп жазады.

Сонымен қатар, осы мақаланы бөліскен Айгүл Орынбек қарындасымыз өз постында мені "дін саласында қаншама жыл стажы бар адамның ақпаратты бөліскенде шатасуы мүмкін емес" дей келе, "нағыз террористің жазбасын бөлісуші" заң алдында жауап берсін деп үміттенген екен.

Ең алдымен, жоғарыда аталған айыптауларды жоққа шығарамын. Фейсбукта миллиардқа жуық қолданушы бар десек, әлеуметтік желі қолданушыларын жете танып, олардың бағыттарын біліп жүру мүмкін емес. Әдетте, әлеуметтік желіде ақпарат бөліскен уақытта авторы емес, жазба контентіне көңіл бөлеміз. Ал аталған жазба жаназа туралы және онда заңға қайшы келетін, «құтылып кетуім неғайбыл» дүние болмағанын айтқым келеді.

Тағы оқыңыздар: Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 50 пайызға өсуі мүмкін

Пост авторымен таныс емеспін және оның басқа жазбаларымен танысып, ұстанымын білген бетте, жылдам парақшамнан алып тастадым. Тиісінше, оның "қауіпті адам екенін" біліп тұрып жариялауым және аз уақыттың ішінде "он мыңдаған адамды жат ағыммен улап жіберуім" əсте мүмкін емес.

Сондықтан заң алдында жауап берсін деген «үміттердің» де орынсыз екенсіз айтқым келеді.

Керісінше, мақала мен оны бөлісушілердің менің атымды Ақтөбе мен басқа аймақтарда болған террорлық актілермен байланыстыруы және уахабилік уағызды тықпалап жүр деуі - көрінеу жəне беделімді түсіретін ақпарат деп білемін.

Аталған жағдайға байланысты ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес өз абыройымды қорғау мақсатында құқық қорғау органдарына шағым түсіру құқығым барын жəне заңгерлермен кеңесу жасап жатқанымды хабарлаймын", - деп жазды.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мұхамеджан Тазабек өзін желіде қаралағандардың үстінен шағым түсіретінін айтты
Mailfire view pixel