RU

Қарағандыда автобус жүргізушілері қан-жоса болғанша төбелесіп қалған (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ғаламторда Қарағандының орталық көшелерінің бірінде екі автобус жүргізушісінің төбелескен видеосы тарады. Видеоны қала қонақтары түсіріп алған деп жазады Baq.kz.

Оқиға Гоголь көшесінің бойындағы «Боулинг» аялдамасында болған. Аялдамаға бір уақытта келген №29 автобустардың жүргізушілері жүргіншілерді бөлісе алмай, бір-біріне жұдырық ала жүгірген.

«Боулинг» аялдамасына қатар келген екі №29 автобус жүргізушілері қан-жоса болғанша төбелесті. Бір таңғаларлығы, кондукторлар оларды ажыратуға тырыспады. «Полиция шақырамыз!» деген айғайдан кейін ғана араша түсті. Мен қатты таңғалдым.

Өзім Қостанай қаласынанмын. Бізде мұндай жоқ. Үлкен автобустар кондукторсыз жүреді, жол ақысын шығар кезде жүргізушіге төлейміз. Қоғамдық көліктерде ешқандай шусыз, төбелессіз қатынаймыз. Мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрмын. Қарағандыда автобустар «Формула 1-дің» жарысын өткізеді екен», - дейді қала қонағы.

Тағы оқыңыздар: Ел назарынан түспей жүрген Айқын су жаңа қымбат көлікті сыйлыққа алды (фото)

Аталған оқиғаға байланысты Қарағанды әкімдігінің жолаушылар көлігі секторына хабарласқан едік.

«Екі жүргізушінің біреуі жұмыстан шығарылды. Ол төбелесті бірінші бастаған», - дейді жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидулла.

Еске салайық, Қарағандының қоғамдық көлігінде жағдайдың ушыққандығы соншалық, оны қалыпқа келтіруге облыс басшысы Ерлан Қошановтың өзі кіріскен болатын.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда автобус жүргізушілері қан-жоса болғанша төбелесіп қалған (видео)
Mailfire view pixel