RU

Бұлттарды "аталық және аналық" деп бөлген 28 жастағы қазақстандық ғалым желіні шулатты

Дождевые облака крупным планом
Иллюстративное фото: pexels.com

Балқаштық жас ғалым бұлттарға зерттеу жасап, олардың аталық және аналық болып екіге бөлінетінін, ал олардың қосындысынан жауын-шашын пайда болатынын дәлелдеді деп хабарлайды "Өркен медиа".

Осы жаңалығы үшін 26 жасында профессор атанған Азамат Байтасов Балқашқа келді. Ол өзіне "мақсатыма қол жеткізгеннен кейін ғана туған қалама оралам" деп серт берген екен. Ал, діттегеніне жету үшін Алматыға оқуға түсіп, география мұғалімі атанады. Кейін магистратураны тәмамдап, зерттеу жүргізе бастайды. Оның бұлттар туралы жаңалығын батыс ғалымдары да мойындаған. Осы еңбегі үшін Азамат Байтасов небәрі 26 жасында әлеуметтік ғылымдардың профессоры атанды.

"Шын мәнінде жауын-шашын бекерден-бекер жаумайды. Өйтені ауадан және бұлттан түсетін жауын-шашын болады. Екеуінің табиғаты екі түрлі. Оның пайда болуына әсер ететін нәрсе аталық және аналық бұлттардың пайда болуы.

Осындай жаңалықты теория жүзінде дәлелдегеннен кейін батыстық ғалымдар бірден мойындады. Енді қазақ ғылыми ордасы қоғамдық маңыздылыққа ие болу үшін бірнеше жылдар керек", — дейді әлеуметтік ғылымдардың профессоры Азамат Байтасов.

Тағы оқыңыздар: Ел назарынан түспей жүрген Айқын су жаңа қымбат көлікті сыйлыққа алды (фото)

Қазір жас ғалым 28 жаста. Бірнеше оқулық пен әдістемелік құралдың авторы. География пәні бойынша құрастырған сұрақтары ҰБТ- ға енгізілген.

Жас ғалым мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ол жақында PhD доктор ғылыми деңгейін алу үшін Мәскеуге бармақ. Одан кейінгі зерттеуін Қазақстанның экономикасына арнағалы отыр. Сол арқылы дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылу үшін елімізге не жетіспейтіндігін анықтамақ ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1561615-bulttardy-atalyq-zhane-analyq-dep-bolg.html