RU

Автобуста домбырамен орысша ән салған қазақ әйел желіде жұлдыз болды

Ақтөбе қаласындағы автобустардың бірінде домбырамен орысша ән айтқан әйел жұртты сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақ орамал тағып, аппақ болып киінген қазақ әйелі өзін видеоға түсіріп тұрғанын көрген соң, қолына домбыра алып, ән айтқан.

«Бүгін ол менің түсіріп тұрғанымды көрген соң, маған арнап орыс тілінде ән айтып берді», - дейді видео авторы.

Видеоны көрген желі қолданушылары әнші апайды танып, оның бірнеше жыл бойы осылай жүргенін жазуда.

«Жарайсыз! Өзі сондай көңілді», «Көзіме жас келді, тамаша!»,- деп жазған қолданушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1561660-avtobusta-dombyramen-oryssha-salgha.html