RU

Ақтөбе облысында әкімнің балалары құрдастарына ағылшын тілін тегін үйретіп жүр (фото)

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімінің екі баласы мектеп лагерінде өзге балаларға ағылшын тілін тегін үйретіп жүр деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мәлімбет Ибрашовтың 12 жастағы Мәди мен 14 жастағы Әсет Астанада тереңдетіп білім алған. Әкелерінің қызмет бабымен Комсомол ауылына қоныс аударған олар ендігі уақытта осы елді мекендегі Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектепте оқитын болады.

Мәлімбет Ибрашов Әйтеке би ауданына былтырғы жылдың аяғында әкім болып тағайындалды. Ал, балалары Астанадан ауылға енді көшіп келіп жатыр.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда автобус жүргізушілері жолаушыларды бөлісе алмай төбелесіп қалған (видео)

«Бүгінде ауыл мектебіне үйренісіп жатыр. Үйде бос жатқанша, ауыл балаларына ағылшын тілін үйретіңдер деп әкесі ұсыныс айтты. Балалар бүгінде лагерьде балалармен бірге ойнап, бірге тамақтанып, арасында ағылшын тілінде тілдеседі. Бүгінде лагерьге келіп жүрген мектеп оқушылары ауызекі тілде сөйлей алатын болды.

Балаларымызға бұл істің тегін болатынын, әрі, қолдан келгенше өзгелерге көмектесу керектігін айтып жүреміз. Іс жүзінде жүзеге асырып көрсін деген оймен, әрі жаңа мектепке үйрене берсін деп осындай бастама жатырмыз, — дейді балалардың анасы Дина Атамқұлова.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Әйтеке би ауданының Ақтөбедегі күндері аясында аудан басшысының әйелі Дина Атамқұлова да отағасына қолдау танытып, қалада екі ән шырқап, халықтың көңілінен шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1561736-aqtobe-oblysynda-akimninh-balalary-qu.html