RU

Жоғалып кеткен 14 жастағы қыз Алматының түнгі клубынан табылды

Алматы облысының полицейлері бір апта бұрын ата-анасының үйінен қашып кеткен 14 жасар қызды тауып алды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қарасай ауданының Іргелі ауылының оқушысы ата-анасымен ұрысып қалған соң қайта оралмайтыны туралы хат жазып, үйінен 12 шілдеде қашып кетті. Туыстарының өз бетінше жүргізген іздеу шаралары нәтиже бермеген соң, 15 шілдеде ата-анасы көмек сұрап, полицейлерге жүгінген.

Тағы оқыңыздар: Сауд Арабиясының ханзадасы корольдің бұйрығымен қамауға алынды (видео)

Жеткіншек қыздың осы уақыт бойы Талғар ауданында жалдамалы пәтерде жасырынғаны анықталды. Жедел шаралары барысында қарасай аудандық полициясы қызметкерлері оны алматылық түнгі клубтардың бірінің маңынан тапты.

"Қыз аман-есен ата-анасына берілді", - деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінде.

Белгілі болғандай, бұл жеткіншектің үйінен кетуінің алғашқы жағдайы емес екен. Ата-анасымен полицейлер баланы дұрыс тәрбиелеуге қатысты профилактикалық сұхбат жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1561906-zhoghalyp-ketken-14-zhastaghy-qyz-almatynynh.html