RU

Далада дәрет сындырып отырған 10 жасар қызды арыстан шайнап тастаған

Зимбабвенің ауылдық аймақтарының бірінде орындықтың арт жағында дәрет сындырып отырған 10 жастағы қызға арыстан шабуылдаған. Бұл туралы Haber 7 хабарлады.

Қайғылы оқиғаны жергілікті полиция қызметкерлері де растап отыр. Ал қыз баланың есімі Митчелл Мучени екені анықталды.

Туыс әпкесінің ұлы Мучениді бір арыстанның орманға қарай сүйреп бара жатқанын көргенін айтады.

Кейін жергілікті құтқарушылар баланың жансыз денесін 300 метр жерден тапқан. Оқиға сенбі күні елдің оңтүстік-шығысындағы Чиредзи кентінде болды.

Тағы оқыңыздар: Жеті айлық сәбиін жерге атып ұрған келіншек ана құқығынан айырылуы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562026-dalada-daret-syndyryp-otyrghan-10-zhasar-q.html