RU

Сыныптасын құтқарамын деп ажал құшқан тараздық жасөспірімнің өлімі жұмбақ күйінде қалды

Тараздық жасөспірімнің өліміне қатысты істе қалалық электр желілері мекемесі сүттен ақ, судан таза болып шықты. 8 сынып оқушысын тоқ ұрып өлтіруіне орай тексеру жүргізген мамандар оқиғаның себебін не оған кінәліні анықтай алмады.

Бекзат Үмбетәлиев есімді мектеп оқушысы құбырда ойнап жүрген қызды құтқарамын деп тоққа түскен еді.

Бала өлімінен соң арнайы комиссия құрылып, қайғылы жағдайдың жай-жапсары тексерілген. Содан оқыс жағдай болған жердегі құбыр ішіндегі екі электр желісінің біреуінде ақау болғаны анықталыпты. Алайда мамандар бүлінген тоқ сымы кісі өлімі тіркелген жерден 100 метр қашықтықта жатқандықтан, оқыс оқиғаға сол сымның себеп болуы мүмкін емес деген ұйғарымға келген.

Тағы оқыңыздар: Жеті айлық сәбиін жерге атып ұрған келіншек ана құқығынан айырылуы мүмкін

"Жаңағы құбыр деп отыр, құбырдың қондырғысы жерге қондырылған. Мен ештеңе айта алмаймын. Құбырға басқа жақтан, сол күні жел болды, мүмкін суға кабель түсті ма? Сым түсті ме, мұндай жағдайды бірінші рет зерттеп жатырмыз", - дейді «Таразэнергоэксперт» ЖШС-нің директоры Әжіхан Орынбеков.

Ал одан басқа өлімге себеп боларлық ештеңе табылмады. Дегенмен дерекке қатысты қозғалған іс бойынша әлі күнге тергеу амалдары жүруде. Бір жарым ай бұрын болған қайғылы оқиғаға қатысты әзірге нақты күдікті жоқ.

Еске салсақ, қайғылы жағдай 29-шы мамыр күні болған еді. Канал үстіндегі темір құбырда ойнап жүрген оқушы қыз суға құлап кетеді. Сыныптасын құтқарамын деп артынан секірген 8-ші сынып оқушысын сол жерде тоқ ұрып ажал құштырған еді. Марқұм Бекзат Үмбеталиевтің жақындары оның қазасына электр желілері мекемесін айыптаған. Айтуларынша, кісі өліміне су ішінде тоқ сымын ашық қалдырған солар кінәлі екен.

Тағы оқыңыздар: Далада дәрет сындырып отырған 10 жасар қызды арыстан шайнап тастаған

Әу баста құбырдың ішіндегі электр желісінен ақау кетті делінген. Бірақ, тексеріс жүргізген мамандар тоқ сымының қиылған тұсын немесе ашық жатқан жерін таппаған. Қазір тұрғындар бұл өткелді өлім көпірі атап кеткен. Сондықтан оның маңына да жақындауға қорқады. Баларының өмірі үшін алаңдағандар құбырда ақау болмаса да, оның бетін тоқ өткізбейтін материалмен қаптап беруін сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562051-toq-soghyp-qaytys-bolghan-tarazdyq-zhaso.html