RU

Димаш Құдайберген әйгілі MTV Music Awards марапатын иеленді (видео)

Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген бір тәулікте қатарынан екі марапат иеленді. Бұл жолы ол MTV Music Awards Asia жүлдесінің иегері атанды деп хабарлайды NUR.KZ. 

Бұл туралы оның продюсері Алпамыс Шәрімов өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Екінші күн қатарынан үлкен марапат! Әлемдегі ең үлкен марапаттардың алды болып табылатын MTV Music awards жүлдесі тұңғыш рет қазақ баласының еңшісінде! Бұл тариx! Құтты болсын жан досым!", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Сыныптасын құтқарамын деп ажал құшқан тараздық жасөспірімнің өлімі жұмбақ күйінде қалды

Бұл марапаттан бұрын Димаш Қытайдағы кезекті марапатын иеленген болатын. Ол Asian Music GaLa-дағы "Шет елдің ең танымал әншісі"номинациясын қанжығасына байлады.

Тағы оқыңыздар: Қазақ ақын-жазушыларының шетел асып кеткен ұрпақтары жайлы не білеміз?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562080-dimash-qudaybergen-aygili-mtv-music-awards-marapaty.html