RU

Бомж әкесінен бас тартқан Назарбаев университетінің студенті өзін мазаламауды сұрады

Алматыдағы белгілі тұрағы жоқтарға арналған мекемені паналаған азамат Жұмабек Дүйсембаевтың ұлы Диас Дүйсембаев шулы іске қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Портал тілшісі Назарбаев университетінде тәлім алатын студентпен хабарласқан болатын. Диас Дүйсембаев әкесінің қаңғыбастарға арналған бейімдеу орталығында тұратынын жақсы білетінін айтты.

Тағы оқыңыздар: Мұсылман дінін қабылдаған алматылық кәріс қызы қазаққа келін болуды армандап жүр

Сондай-ақ «Әкеңізден неге бас тарттыңыз? Болашақта қамқорлығыңызға аласыз ба?» деген сұрақтарына: «Әкемнен бас тартуға үлкен себеп бар. Бәрі жайдан-жай емес. Бірақ ол себепті мен сізге айтпаймын. Өз пікірім өзіммен қалады, енді мені мазаламаңдар», - деп телефон тұтқасын қоя салды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін NUR.KZ порталында 35 жыл жұмыс өтілі бар білікті дәрігердің қаңғыбастар үйінде тұрып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562091-bomzh-akesinen-bas-tartqan-nazarbaev-u.html