RU

Ақтөбеде төрт балалы өзбек азаматы 10 жасар қызды зорлап тастаған

Ақтөбеде кішкентай қыздарға азғындық жасаған педофил 16 жылға бас бостандығынан айрылды. Сотталушы отбасылы, 4 баласы бар деп хабарлайды Керек-инфо.

Алғашқы қылмыс осыдан 2 жыл бұрын тіркелген. Ақтөбе тұрғыны 49 жастағы ер адамның 2008 жылы туған қызына тиіскендігін айтып, полицияға шағымданған. Алайда қылмыстық іс қысқарып қалған.

Соңыра жазадан сытылып кеткен ер адам тағы да азғындық әрекетке барады. Бұл жолы 10 жастағы қыз бала педофилдің құрбанына айналған. Сотталушы биыл 22 ақпанда қамауға алыныпты. Тергеу органдары Өзбекстан азаматына Қылмыстық кодекстің 121 бабының 4 бөлігімен (сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 124-бабының 1-бөлігімен ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") айып тақты.

Тағы оқыңыздар: Жеті айлық сәбиін жерге атып ұрған келіншек ана құқығынан айырылуы мүмкін

Мемлекеттік айыптаушы ер адамды 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот отырысы кезінде Әділ Тәңірбергенов қылмысын мойындаған жоқ. Белгілісі, ер адам ресми еш жерде жұмыс істемейді.

Әр түрлі қара жұмыс істеп, нәпақасын айырған. Отбасылы, 4 баланың әкесі. Оның екеуі -Қазақстан азаматы. Жолдасы қамауға алынғаннан кейін отбасы мүшелері Өзбекстанға кетіп қалған.

14 шілде күні облыстық қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ахметқали Молдағалиев педофилді 16 жылға бас бостандығынан айырды. Судьяның айтуынша, алғашқы қылмысқа қатысты тергеу обьективті жүргізілмеген. Жан-жақты дәлелдер жиналмаған.

Тергеуші өз ісіне салғырт қарап, қылмыстық істі қысқартып тастаған. Бұл прокуратура тарапынан да қадағаланбаған. Сол себепті облыстық ІІД мен прокуратураға да жеке қаулы шығарылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562165-aqtobede-tort-balaly-ozbek-azamaty-10-zha.html