RU

Болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін ауылдың тыныс - тіршілігі қандай? (видео)

Алматы облысы, Алакөл ауданына қарасты Лепсі ауылын біреу білсе, біреу біле бермес. Бүтін бір ауыл болып салауатты өмір салтын ұстанған, теңізден 1200 метр биіктікте еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты балаларды тәрбиелейтін мектеп-интернат орналасқан ауыл жайлы жас режиссер, сценарист Қанат Бейсекеев «Болашақ чемпион» атты қысқа метражды фильм түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қысқа метражды фильмнің басты кейіпкерлері Лепсі ауылындағы спорт мектеп-интернатының Данияр, Бахтияр есімді 13 жастағы оқушылары. Фильмде барша мектеп ұжымы үміт артып отырған балалар өздерінің болашақта чемпион болғылары келетінін айтады.

Фильмді түсірген Қанат Бейсекеев осындай ерекше ауылды көпшіліктің білгенін қалайтынын жеткізді.

Тағы оқыңыздар: Бомж әкесінен бас тартқан Назарбаев университетінің студенті өзін мазаламауды сұрады

«Лепсі ауылының табиғаты сондай тамаша! Бір қызығы бұл ауылдың дүкендерінде ішімдік пен темекі өнімдері мүлдем сатылмайды. Барлығы салауатты өмір салтын ұстанады. Жақында осы ауылға көршілес жатқан тағы бір ауыл туралы фильм түсірмекіпін. Еліміздегі осындай үлгі боларлық ауылдарды барлығы білуі тиіс деп ойлаймын»,-дейді Қанат.

Еске салсақ, Лепсі ауылына кәсіпкер, меценант «Zhersu» ЖШС компаниясының басшысы Бауыржан Оспанов қолдау білдіріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562187-ishimdik-satylmaytyn-elimizdegi-erek.html