Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда кедей отбасынан шыққан төменгі тап өкілі президент атанды

Опубликовано:

Үндістанның 14-ші президенті болып сайланған Рам Натх Ковинд Үндістанда төменгі тап болып саналатын кастадан шыққан адам. Жаңа президенттің өмір жолы әркімді де қызықтырары анық. NUR.KZ порталы үнді елінде төменгі тап арасынан сайланған екінші президент жайында қызықты деректерді назарға ұсынады.

Үндістанның жаңадан сайланған президенті саясатқа ең алғаш 1994 жылы аяқ басқан. 1994 жылдан 2006 жылға дейін ол үндістандық парламенттің жоғары палатасында мүшелікте болды, ал 2015 - 2017 жылдары Бихар штатының губернаторы болып қызмет етті. Рам Натх Ковинд саясатқа келмей тұрып, 16 жыл бойы Дели сотында, одан соң жоғарғы сотта заңгер болып қызмет етті.

Ковинд Үндістанның Уттар Прадеш штатында дүниеге келген. Ол өте кедей, көпбалалы отбасынан шыққан. Әкесі шағын дүкен ашып сол табысымен балаларын бағыпты. Рам Натх үйінің ең кенжесі. Оның бес ағасы және екі әпкесі бар. Ол өте лас, құлағалы тұрған лашықта дүние есігін ашыпты. Президент анасынан небәрі бес жасында айырылған. Ол сабаннан жасалған баспаналары өртенгенде күйік шалып, қайтыс болады. Кейін Ковинд ол жерді қауымдастыққа сыйға тартыпты.

Тағы оқыңыздар: Мұсылман дінін қабылдаған алматылық кәріс қызы қазаққа келін болуды армандап жүр

Бастауыш сыныпты бітірген соң, Рам Натх Ковинд оқуын көрші ауылдағы мектепте жалғастырған. Алты шақырым жерде орналасқан ауылға оған жаяу қатынауға тура келген. Кейін Канпур университетінің жанындағы колледжді коммерция мамандығы бойынша тәмамдаған.

Президент 1974 жылы отбасын құрды. Бір ұл, бір қызы бар.

Ковинд — төменгі таптың ішінен ел президенті атанған екінші адам. Оның алдында, 1997-2002 жылдар аралығында дәл осы кастадан шыққан Кочерил Раман Нараянан ел басқарған болатын.

Индуизм дінінде ең төменгі каста өкілдері әдетте ең лас, жағымсыз жұмыстарды атқарады. 1950 жылы Үндістанда таптық жүйеден бас тартты. Алайда іс жүзінде қоғамда оның лебі әлі сақталған. Касталық сана қазіргі Үндістанның басты проблемаларының бірі болып қала береді. Елде 200 миллионнан астам төменгі тап өкілі бар. Көптеген саясаткерлер мұндай теңсіздікке қарсы.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1562327-undistanda-kedey-otbsynan-shyqqan-tom/

pixel