RU

Атамбаев әріптесі Назарбаевтың латын қарпіне көшу туралы бастамасын қолдаған жоқ

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев бұл пікірін "Алтай өркениеті" халықаралық форумында айтты. Бішкектегі бұл конференция мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылды деп хабарлайды Centralasian.org.

“Мысалы, латын қарпін дамыған елдердің барлығы қолданады деушілер бар. Бірақ Жапония мен Кореяға иероглифтер қолдану кедергі келтірді ме? Қытай экономикасының дамуына иероглифтер кедергі болды ма?”, - деді мемлекет басшысы.

"Латынға өту бізді жақындастырмайды, керісінше, алшақтатады", - деп қосып қойды Атамбаев.

Қырғыз басшысының пікірінше, бұрынғы алфавитпен қоштасу халықтың өткенінен айрылу дегенді білдіреді. "Шыңғыс Айтматов, Мұхтар Әуезов кириллицамен жазды, оларға бұл қаріп кедергі болған жоқ", - дейді президент.

Тағы оқыңыздар: Өзбекстан президенті Мирзиеев Кәрімов құрған жүйеден біржолата құтылғысы келеді

КСРО ыдыраған соң Әзірбайжан, Түркіменстан және Өзбекстан латын қарпіне өтті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ алфавитінің стандартын қабылдауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562558-atambaev-latyn-qarpine-koshu-turik-khal.html