RU

Ақтөбеде танымайтын қызды алып қашқан жігіттің ғашығы жылап қалды (фото)

Ақтөбе қалалық сотында танымайтын қызды алып қашқан жігітке қатысты сот процесі аяқталды. Адам ұрлау дерегі бойынша қаралған сот отырысында екі жігіт те бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Танымайтын қызды əйелі еткісі келген Санат Өмірзақовтың өзіне тиесілі мүлкі тəркіленіп, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жігітке көмектескен қасындағы досы Алдаберген Жанұзақовтың бұрын істі болуына байланысты мүлкі тəркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі жігіт те жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Тағы оқыңыздар: Оралда жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды

Еске сала кетейік, 14 маусым күні 4 жылдан бері жүретін қызын алып қашуға уəделесіп, шықпай қалған қызына ренжіген жігіт базарда жүрген танымайтын қызды алып қашқан болатын. Келін күтіп отырған туыстарының алдында ұятқа қалмауды ойлаған жігіт досымен бірге сыра ішіп, танымайтын қызды көлікке күштеп мінгізіп жатқан кезде полицияның қолына түскен болатын.

Ішімдік ішкен күйінде жасаған адам ұрлау əрекеті олардың жазаларын ауырлатып жіберген.

Жауапкерлердің қорғаушысы екі жігіттің отбасындағы жалғыз асыраушысы екенін айтып соттан кешіріммен қарауды сұрады. Өзінің қызына ренжіп, қатты үйленгісі келгендіктен танымайтын қызды алып қашқан Санат Өмірзақовтың көп балалы отбасынан шыққандығы, əкесінің науқастығы айтылды. Қыз алып қашуға көмектескен жігіт отбасылы, жасқа толмаған баласы бар.

Тағы оқыңыздар: Дін істері министрі "Иегова куәгерлерін" елден аластатудан бас тартты

Ал арыз жазған қыз жылап тұрып соттан жазаны жеңілдетуді сұрады.

Уəделескен күні кездесуге келмей қалған жігіттің ғашығы қолына кісен салынып, абақтыға кетіп бара жатқан жігітінің артынан жүгіріп жылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562758-aqtobede-tanymaytyn-qyzdy-alyp-qashqa.html