RU

Алматыда мешітке сыймай қалған халық жұма намазын көше бойында оқыды (фото)

Бұл көрініс Алматыда жұма сайын мешіттерде болатын жағдай. Момышұлы көшесінің бойындағы Ақсай мешітіне жұма намазға келетін халықтың көптігі соншалық, сол күні түс кезінде бұл аудан арқылы көлікпен жүріп өту мүмкін емес деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жұма намазына келген жамағат жайнамазын көше бойына жайып, сол жерде сәждеге жығылады.

Мешіт қызметкерлерінің айтуынша, ғимарат 1000 адамға шақталып тұрғызылған. Алайда, мұнда келушілердің саны 3000 мыңнан асып жығылады екен.

Осының салдарынан Момышұлы көшесінің бойы екі қатар көлік тұрағына айналған.

Бұл жағдайды кей намазхандар ұтымды пайдалануда. Мұнда сусын сатып жүрген жігіттердің саудасы қызып тұр.

Сондай-ақ, парфюмерия сатқан сақалды жігіттерді де тілшінің көзі шалып қалды.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде танымайтын қызды алып қашқан жігіттің ғашығы жылап қалды (фото)

Мешіт қызметкерінің сөзінше,  Алланың үйіне 25-ке жуық қайыршы  жұма сайын өз нәпақасын табуға жиналады.

Олардың көпшілігі балалы әйелдер мен мүгедек жандар. Мешіт имамдарының айтуынша, жат ағымдағылар жұма намазды толық оқымай, адамдарды үстінен аттап, сыртқа шығып кете береді.

Мешіт маманы келген жамағаттың ішінен теріс бағытта жүргендерді бірден байқайтындықтарын айтады. 

Мысалы мына қызыл футболка киген азаматты маман уахабизм жолында жүрген жан деп көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562784-almatyda-meshitke-syymay-qalghan-khalyq.html