RU

Атамбаев қырғыз қыздарына қысқа юбкамен жүруге рұқсат берді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев халықты дәстүрлі ислам жолымен жүруге шақырды. Ол қыздардың хиджаб кигенінен гөрі қысқа белдемшемен жүргенін дұрыс деп айтқан.

Бұл туралы zanoza.kg сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Біздің өз дәстүріміз бар екенін ұмытпау керек. Біздің аналарымыз басына қапшық киіп жүрген жоқ, олар әрдайым патшайым секілді жүретін", - деген Атамбаев халқына өзге ағым жетегінде кетпеу керектігін қатаң ескертті.

Тағы оқыңыздар: Отандық шенеунік Қазақстанға қытайлық туристерді көптеп әкелуді ұсынды

"Арабтың, Пәкістанның немесе Бангладештің мәдениетін қырғыз мәдениетімен шатастыруға болмайды. Бұл исламдану емес. Бұл өзге мәдениетті, өзге киімді таңу. Біздің өз киіміміз бар. Біздер тек қысқа юбкамен жүруге дағдыланып бара жатырмыз деген "данышпандар" да табылды. Қысқа юбка кие берсін. Әйелдер кеңес заманына бері қысқа киеді. Сол қысқа юбкаға жарылғыш белбеуді тығып жүре алмайды ешкім. Бастарыңа керзі етік кисеңдер де, ешкімді жарып жібермеңдерші", - деді Атамбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562848-atambaev-qyrghyz-qyzdaryna-qysqa-yubka.html