RU

Қаскелең тұрғыны ХҚО қызметкерлерін балағаттап тастады (видео)

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Қаскелеңдегі ХКО-да анықтама сұрағаны үшін қызметкерлерді балағаттаған әйелдің видеосын жіберді.

Видеода әйел адам үйіне қайтудан бас тартып, кәмелеттік жасқа толмаған қызының құжатын алу кезіндегі ресми тәртіпті сақтаудан бас тартады. Ашулы әйелдің жанына бірнеше қызметкер келіп, құжат әкелу керектігін түсіндіреді.

"Азаматтарға арналған үкіметте" аталған кикілжіңге қатысты түсініктеме берді.

Тағы оқыңыздар: Атамбаев қырғыз қыздарына қысқа юбкамен жүруге рұқсат берді

"Оқиға 18-ші шілде күні Алматы облысы, Қарасай аудандық ХКО бөлімінде болған. Видеодағы әйел мемлекеттік мекемеге 2010 жылғы қызының дайын құжатын алуға келген.

Дайын құжаттарды беруші маман тәртіп бойынша одан жеке басын растайтын құжат пен қолхат талап еткен.

Бірақ, тұтынушының қолында қызының төлқұжатын алуға болатын қолхат қана болған, сол себепті оған құжат берілмеген. Осы себепті ол түрлі балағат сөздер айтып, тіпті мемқызметкердің компьютерін сындырамын деп қоқан-лоқы көрсеткен.

"Бірнеше уақытан кейін әйел жеке куәлігін алып қайта келген, осыдан кейін баланың төлқұжаты берілді", - деп түсіндірді мемкорпарация баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ХКО қызметкерлері әйелдің үстінен шағым түсірген.

Назар аударыңыздар! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562956-qaskelenhde-turghyn-zheke-kualik-ushin-khk.html