RU

Президентке жағынбақ болғандар желіде күлкіге қалды (фото)

Журналист Әсия Бағдәулетқызы өзінің Facebook-тегі парақшасына ерекше баннердің суретін жариялады. Желі қолданушылары елбасына жағымпаздық жасағандардың бұл әрекетін мазақ етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет жария бола салысымен оған қатысты жағымсыз пікірлер легі ағыла бастады.

"Нұржағымпаздық", "Нұрмасқара", "Нұрсұмдық" деген желі қолданушылары бұл баннерге қатысты басқа айтар сөз таппай жатыр.

Фотоны көріп, өз көзіне өзі сенбей жатқан адамдар да бар.

Тағы оқыңыздар: Оралда жоғалып кеткен екі баланың анасы өлі күйінде табылды

Бұл суреттен баннердің авторы шығыс қазақстандықтар екенін аңғаруға болады.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 21-25 шілде күндері Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндері жоспарланған. Бұл баннердің сол шараға арнайы дайындалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562960-prezidentke-zhaghynbaq-bolghandar-zheli.html