RU

ВКонтактеде танысқан жігітпен кездесуге кеткен алматылық оқушы жоғалып кетті

Алматылық оқушы қыз ВКонтакте арқылы танысқан жігітпен кездесуден соң жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Анасының айтуынша, 13 жастағы Галина үйден жексенбі күні 12:30-да шығып кеткен. Кетерінде Коля Вольнов деген баламен кездесуге баратынын айтқан.

Анасына оқушы кешкі 4-те келемін деп уәде берген. Екеуі соңғы рет Іле ауданындағы мектептің маңайында кездесіп, содан ізім- ғайым жоқ болып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Атамбаев қырғыз қыздарына қысқа юбкамен жүруге рұқсат берді

«Қызым Колямен 1-2 апта бұрын Вконтакте желісінде танысқан екен. Галинаның досы кейін маған айтты. Сол кезде алғаш рет кездесуге бара жатқан. Ол бала да біздің мектепте оқиды екен. Білуімше, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан. Бұрын велосипед ұрлағаны үшін қылмысты болған екен», - деді анасы Наталья.

Галинаның телефоны кешкі 11:00-ге дейін қосылып тұрған. Одан кейін өшіп қалған. Қазір Іле аудандық ІІБ Галина Япсқа іздеу жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562973-vkontaktede-tanysqan-zhigitpen-kezde.html