RU

Головкин: Мен өз елімде батыр емеспін

Big Bear лагерінде Сауль "Канело" Альвареске қарсы дайындығын бастап кеткен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Radio Rahim TV радиосына сұқбат берді деп жазады Vesti.kz порталы.

Сұқбат кезінде GGG бапкері Абель Санчес жайлы ойымен бөлісіп, танымалдылыққа қалай қарайтынын айтты.

"Санчес - керемет адам. Өз ісінің нағыз шебері. Мен оған сенемін. Бастысы - тынбей еңбек ету. Жаттығуға барыңды арнау керексің. Назарың жаттығуда болу керек. Сол кезде ғана чемпион боласың. Егер жаттығуға немқұрайлы қарайтын болса, ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Уақытың да зая кетеді.

Мені әлемнің үздік боксшысы деген теңеумен келіспеймін. Әр боксшы әртүрлі. Бірінің стильі басқа, бірінің таланты мықты, бірінің мүмкіндіктері көп. Сондықтан да мен әлемнің үздік боксшысымын деп айта алмаймын. Иә, Мұхамед Әли - ұлы боксшы. Алайда мен одан кейін екінші орында да тұрған жоқпын. Біздің барлығымыздың ерекшеліктеріміз бар. Ауыр салмақтағы боксшылар - ірі денелі, соққылары ауыр. Жеңіл салмақтағылар - жылдам. Мені екінші қойғыңыз келеді ме? Бұл мен үшін қызық емес. Мен үшін P4P рейтингі де маңызды емес.

Тағы оқыңыздар: ВКонтактеде танысқан жігітпен кездесуге кеткен алматылық оқушы жоғалып кетті

Танымалдылық? Маған ол да қызық емес. Танымал болғым келмейді. Және ол маған ешқашан әсер де етпеген. Мен боксшымын. Иә, мені көпшілік танып жатады. Дейтұрғанмен маған "ол жұлдыз", "ол танымал" деген әңгімелер әсер етпейді. Рингтен сыртында мен қарапайым адаммын. Жұлдыз емеспін. Мен өз халқымның батыры да емеспін. Шынымен. Мен үшін ол аса маңызды емес.

Альвареспен өтетін жекпе-жек мен үшін маңызды. "Канело" - ерекше боксшылардың бірі. Бірақ ол да суперчемпионы емес. Біздің жекпе-жегіміз бокс үшін үлкен оқиға деп ойлаймын. Қайсымыздың жеңетіні маңызды емес. Ол ма, әлде мен бе? Бірақ бұл екеуміз үшін де үлкен жеңіс болайын деп тұр. Кейбіреулер бұл жекпе-жекте рейтингтің, P4P көрсеткішіндегі орын, мықты екені анықталады деп ойлайды. Алайда, бастысы - жеңіс", - дейді Головкин.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1562990-golovkin-men-oz-elimde-batyr-emespin.html