RU

Жұлдыз Өмірғалидың Айқыннан жүкті екені екені рас па? (фото)

Еске салсақ, NUR.KZ оқырманы редакцияның 8747 535 12 98 WhatsApp нөміріне Айқын мен Жұлдыз Өмірғалиға өте ұқсас жұпты жолықтырғанын хабарлаған еді.

Оқырман бұл жұптың демалысты бірге өткізіп жатқан фотоларын жіберген болатын. Суретте Жұлдыз Өмірғалидің ішінің дөңгеленіп қалғанын байқауға болады. Осыдан кейін әнші жүкті болуы мүмкін деген болжам тарап кетті.

Әртіс бұдан былай өзінің аяғы ауыр екенін ешкімнен жасырмайын деп шешкен сияқты. Instagram парақшасында оның жаңа костюмді жарнамалаған фотосы пайда болды. Онда әншінің жүкті екені білінеді.

Жұлдыз Өмірғали бұл суретінің астына ешкім пікір жазбайтындай етіп тастаған. Сондай-ақ, Жұлдыздың оң қолындағы неке жүзігі анық көрініп тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563123-zhuldyz-omirghalidynh-ayqynnan-zhukti-ek.html