RU

Демалыс күндері 42 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

Алдағы үш күнде республикамыздың солтүстігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, ал оңтүстікте күн жауын-шашынсыз ыстық болады.  Қазгидромет 22-24 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазгидрометтің хабарлауынша, циклондар Орал арқылы Батыс Сібірге қарай жылжиды, осының әсерінен атмосфералық фронттар республикамыздың солтүстігінде ауа-райына әсер етеді.

Сондай-ақ фронттардың шығысқа жылжуы әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай және найзағай кезінде дауылды жел мен бұршақ болуы мүмкін.

Тағы оқыңыздар: Жұлдыз Өмірғалидың Айқыннан жүкті екені екені рас па? (фото)

Синоптиктердің болжамына, Қазақстанның оңтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысымның ықпалында болып, ыстық сақталып қана коймай, ауа температурасы жоғарылайды.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-батысында күн +33+38ºС, кей жерлерде 42ºС дейін ысиды, ал оңтүстік-шығыс пен орталықта әзірше кей жерлерде ауа температурасы + 30+38°С дейін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563168-demalys-kunderi-42-gradusqa-deyin-aptap.html