RU

Қымбат мейрамханаға атпен кірген балақай той қонақтарын шошытып алды (видео)

Қысы жазы үзілмейтін қазақ тойындағы қызықтар таусылар емес. Желідегілерді алаңдатып қойған тойдағы жайттың бірі Instagram-дағы news.uko парақшасында пайда болды.

Видеодан көпшілік қауымның қымбат мейрамханаға тілашар немесе сүндет тойға жиналғаны байқалады.

Осы кезде мейрамханаға атпен кірген балақайдың кенет астындағы тұлпары шошып, мейрамхананың төріне дейін ешкімге бой бермей шауып кетеді. Бұндай көріністі күтпеген той қонақтарып абдырап қалып, шетке қарай қаша жөнеледі.

Тағы оқыңыздар: Көршісінің үйіне ұзатылған бойжеткен қызыл кілеммен жүріп өтті

Видеоны желіге жүткеген автордың жазуынша, оқиға Шымкентте болған.

Желі қолданушылары аттың үркуіне оның алдынан жүгіріп өткен кішкентай қызды айыптап: "Тойда негізі кішкентайларды ұстап отыру керек болмаса əкелмеу керек?", "Құдай сақтап қалды" деген пікірлерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563185-qymbat-meyramkhanagha-atpen-krigen-bal.html