RU

Екі баланың анасы жалаңаш суреттерін сатып, байып жатыр

Американың Невада штатының тұрғыны Саммерс Вонхессен «ерекше» бизнес көзін тапты. Екі баланың анасы жалаңаш түскен суреттері мен бейнежазбаларын сатып, айына 5 мың доллар пайда тауып жүр, деп хабарлайды Baq.kz.

30 жастағы келіншек Patreon сайтына жалаңаш түскен суреттерін жүктейді, ал желі қолданушылары оларды қарағаны үшін ақша төлейді. Көбінесе Саммерсті оның күйеуі суретке түсіреді екен.

Тағы оқыңыздар: Демалыс күндері 42 градусқа дейін аптап ыстық күтілуде

Бұған қоса Вонхессеннің инстаграм желісінде жеке парақшасы да бар. Әйелдің аккаунтындағы жаңалықтарды 125 мыңдай қолданушы оқып, бақылап отырады. Артық салмағына қарамастан суретке қысылмастан-қымсынбастан түсетін «модель» өз жұмысынан ләззат алады екен.

Келіншектің айтуынша, отбасының материалдық жағдайы жақсы, жұбайының табысы бала-шағаны асырауға толығымен жетеді.

«Жұмысым өзіме ұнағандықтан ғана мұнымен айналысып жүрмін», - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563225-eki-balanynh-anasy-zhalanhash-suretterin.html