RU

Ер адамның суға батып өлгенін видеоға түсіргендер жаға ұстатты (видео)

Флориданың 32 жастағы тұрғыны Джеймел Данн бір топ жасөспірімнің көз алдында көлге батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Суға кеткен ер адамды құтқару жеткіншектердің ойына да кіріп шықпаған. Құтқарушыларға да хабар бермепті. Керісінше, қызық қуған олар Джеймелдің өмірінің соңғы минуттарын видеоға түсіріп, мазақ еткен.

Полиция ер адамның денесін үш күн іздеді, араға біраз уақыт салып желіде осы видео пайда болған.

Тағы оқыңыздар: БҚО тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірі үшін 4 тәулікке қамауға алынды

Жасөспірімдер жауап алу барысында Джеймел Данның көз алдарында суға батып кеткенін айтты. Алайда олар марқұмға көмектеспегені үшін өздерін кінәлі сезінбейтінге ұқсайды. Жүздерінен өкініштің табы да байқалмаған.

Десек те полицияда жеткіншектерді қамауға алуға еш негіз жоқ деп отыр.

«Біз қылмыстық іс қозғай алмаймыз, бірақ жасөспірімдердің бұл әрекетін ақтап алуға болмайды, әрине», - дейді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563292-er-adamnynh-sugha-batyp-olgen-satin-vide.html